ТАРАЗДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
1 min read
Құмшағал алқабында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Мұнда бір уақытта 500 жасөспірім 8 спорт түрімен айналыса алады. Жалпы спорт кешені замануи үлгіде салынып, озық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұған жергілікті жұрт бек қуанышты. Нысанның салтанатты ашылуына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, жиылғандарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.