ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ОТЫРЫСЫ
Күні кеше Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс 12 сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде «Тараз қаласындағы митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы» 2020 жылғы 24 маусымдағы №59-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе қаралды. Аталған шешімге енгізілетін өзгеріс туралы қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ Смәтілдаева баяндама жасады. Аталған шешімнің 3-қосымшасында пикеттеуге тыйым салынатын нысандардың іргелес аумағы 150 метр болса, енгізілген өзгеріске сәйкес 800 метрге өзгерді. Жиын қатысушылары баяндамашыға сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарды ала алды. Босқосу соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.