ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Соңғы кездері республика аумағында ірі сауда орындарында өрт оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында сауда объектілерінің жеке кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Айта кетейік, 2023 жылы облыс аумағында сауда объектілерінде және қоғамдық тамақтану орындарында 12 өрт оқиғасы орын алып, 3 адам қаза тапса, жыл басынан бері 21 тілсіз жау дерегі тіркелген.