ҚЫСТА БАЛЫҚ АУЛАУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕР
Қыс мезгілінде балық аулаудың өз қызығы бар. Мұны балықшылар жақсы біледі. Жыл сайын маусымның ашылуын асыға күтеді. Қысқы балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларына баса мән беру керек. Сақтықта қорлық жоқ. Бірінші мұз қатқан бойда балық аулауға шығуға болмайды. Себебі мұз бірден қалың болып қата қоймайды. Мұны төтеншеліктер қатаң ескертіп келеді. Бүгінгі өткен баспасөз брифингінде де жауаптылар қауіпсіздік шаралары туралы баяндады.