ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
1 min read
Әлемде жылына 10-20 миллион адам суицид жасау туралы ойға барады екен. Оның 1 миллионға жуығы қайтыс болады. Суицид жасаудан Ресей мен Қытай және Қазақстан алдыңғы орында екен. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының есебі бойынша Қазақстан азаматтардың өздеріне қол жұмсауы бойынша әлемде алдыңғы қатардан орын алады. Әрине, мұндай дерек көрінген жерде ашықтан ашық жариялана бермейді. Бірақ, «ауруын жасырған өледі» дейді қазақ. Қазіргі қоғамның да сыздаған мәселесі мен толғақты түйіні осы. Сондықтан қазір жергілікті атқарушы орган тарапынан да психолог мамандарды оқыту, жүйелі жобаларды жүзеге асыру арқылы суицидтің алдын алуға тырысуда.