ТАРАЗДА ЖАҢА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ АШЫЛДЫ
1 min read
Таразда балалармен ерекше бағытта жұмыс жасайтын мектеп-гимназия ашылды. Бурыл алқабында бой көтерген оқу ұясында бастауыш сынып оқушылары білім алады. Сәйкесінше, балаларға білім беру жүйесі тек математикалық-логикалық бағытта емес, қазақ ауыз әдебиетін терең оқытып, бойына сіңіруге құрылған. Осылайша жас өскіндердің бойына қазақылықты дарытамыз,-дейді мектеп басшылығы. 200 орындық мектеп замануи үлгіде салынған және озық үлгідегі жабдықтармен жабдықталған.