ПРЕЗИДЕНТ ҚОМАҚТЫ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫ ТАПСЫРДЫ
«Инвестиция тарту үшін жекешелендіру және активтерді қайтару науқандары да септігін тигізеді. Қомақты инвестиция болса, экономика қарқыны үдейе түседі және жаңа мүмкіндіктер пайда болады». «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы осылай деді. Жалпы кең көлемді сұқбатта қоғамдағы көп мәселесе айтылды. Сонымен қатар, экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстары мықтап қолға алынатыны жайлы Президент атап өтті. Әсіресе, инвестиция тарту жөнінде жұмыс қарқын алмақ. Ол үшін Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция штабын құру туралы Жарлыққа қол қойғанын жеткізді.