МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА
Мәжіліс депутаттарының Жамбыл облысына жұмыс сапары жалғасуда. Күні кеше Гүлдара Нұрымова Қордай ауданына жұмыс сапарымен барды. Гүлдара Алданышқызы аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбаймен бірге алдымен Қордай аудандық мемлекеттік архивінің қызметкерлерімен кездесті. Айта кетейік, аудандық архив қызметкерлері жуырда ғана жаңа ғимартқа көшкен болатын.