ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ МӨЛШЕРІ 85 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ КӨТЕРІЛДІ
1 min read
Біз бұған дейін уәде бергеніміздей, үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік», — деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында. Иә, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері өсті. Осылайша биыл елдегі ең аз еңбекақы 85 мың теңге болса, зейнетақы 57 853 теңге болып бекітілді.