ҚАЛА ӘКІМІ ҮЕҰ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Мүгедек жандар қоғамдық көлікте тегін қатынай ала ма? Демалыс орталығына тегін жолдама беріле ме? Неге оларға көрсетілетін медициналық көмек сапасыз? Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен кездесуінде осындай сұрақтар көтерілді. Бұл жиындағылар тарапынан көтерілген сауалдардың бірқатары. Әкім сұрақтарға тіке жауап берді. Тайғанақтамады. Мәселен, қаладағы жұрт қоғамдық көлікке 85 теңге төлесе, оның үстіне 100 теңге билік төлейді. Бұл субсидия есебі. Нәтижесінде тараздықтар жеңілдетілген тарифпен қатынайды. Сондықтан көпбалалы аналардан басқа әлеуметтік топтағыларға жеңілдік қарастырылмайды. Толығырақ әкімнің кездесуінен тілші материалы.