ШУДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ
Ғасырлар бойы халқымыздың арманы 1991 жылдың 16 желтоқсанында бүгінгі буынның тарихи таңдауына айналды. Бұл күн – өз тағдырына өзі қожалық етіп, өз болашағын өзі айқындауға қол жеткен ұлы күн. Тарихи әділет салтанат құрып, азаттық үшін төгілген өлшеусіз қанның өтеуі қайтқан ұмытылмас күн. Сан дәуір өтсе де ұрпақтар ұлықтап өтетін Ұлағатты күн! Дәл осы мерекеде Шу ауданында желтоқсан оқиғасында қаза тапқан батырлардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.