ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ
1 min read
2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетіктерін құру, әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету болып табылады. Ал 2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында акция ұйымдастырды.