"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ӘКІМ НАЗАРЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ МЕ?

1 min read

Өткен аптада елордада брифинг берген облыс әкіміне жас отбасы шағымын айтып, көмек сұраған. Әділеттілікті талап еткен Жанайдар Қарбаев өткен жылдың шілдесінде автокөлігімен жол апатын жасап, қарсы көліктегі жолаушы әйел мүгедек боп қалған. Нәтижесінде зардап шеккен азаматшаға моральдық-материалдық шығын кінәлінің «үйге деп» жылдар бойы  жинаған қаржысынан өтелген. Әкімге айтылған шағым да осыған қатысты. «10 жылдан бері жиғанымды заңсыз жолмен алып қойып, талабымды еш ескерусіз қалдырды»-, дейді ол. Мәселені назарға алған Ербол Қарашөкеев өз құзырында қарауға және заң аясында шешілетініне уәде еткен. Бүгін осы мәселеге қатысты әділет департаментінің өкілі пікір білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *