ТАРАЗДА АЛҒАШ РЕТ «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
1 min read
Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында Жамбыл облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған әлеуметтік маңызы бар 3 нысан ашылды. Шу қаласында-оңалту орталығы жұмыс істей бастады. Ал, Таразда ерте араласу орталығы мен аутизмі және басқа да ақыл — ой кемістігі бар балаларға арналған орталық ашылды. Атап өтерлігі, сал дерті бар балаларды емдейтін Ерте араласу орталығы шаһарда алғаш рет қызмет көрсете бастады. Орталықтың ашылуына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасы Болат Жәмішев және басқа да мәртебелі меймандар қатысты.