БИЫЛ 3 929 ПӘТЕРЛІ 74 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
1 min read
2023 жылы тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жоба шеңберінде құны 15,4 млрд.теңгеге 3 929 пәтерлі 74 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал және көпьбалалы отбасыларды баспанамен қамту мақсатында ағымдағы жылға 797 пәтерді сатып алуға республикалық бюджеттен 7,6 млрд.теңге қаржы бөлініпті. Бұл туралы құрылыс басқармасының басшысы баспасөз брифингінде баяндады.