ТАРАЗДА 260-ҚА ЖУЫҚ ГРАФФИТИ ЖАЗУЛАРЫ ӨШІРІЛДІ
1 min read
Нашақорлық фактісі уақыт өткен сайын артып, заңсыз сауда етек жайып келеді. Осы орайда құқық қорғау органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде есірткі сататындар ұсталып жатса да, әлі күнге бұл кесапат тыйылар емес. Ендігі уақытта бұл жұмысқа еріктілер де үлес қосуда. Мәселен, күні кеше “Жастар ресурстық орталығы” мен Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы “Тараз-қауіпсіз қала!” жобасы аясында қала көшелері мен көп қабатты тұрғын үйлердің қабырғаларындағы граффити жазуларын өшірді.