ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
1 min read
Тіліміздің өркен жаюына аударма саласы да айтарлықтай үлес қосады. Сол үшін тіл ғылымы саласында аударма мәселесі жан-жақты зерттеліп, бұл туралы көптеген теориялар мен тұжырымдар жасалуда. Мәселен, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институтында «Жаңа Қазақстан дәуіріндегі аударматанудың өзекті мәселелері: зерттелу тарихы, теориясы, қалыптасуы мен дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияс өтті. Жиында аталған сала майталмандары 10 баяндама жасап, тілі саласындағы ауқымды тораптың толғақты түйінін тарқата айтты.