АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
1 min read
Бүгінде облыстың ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, өңір экономикасын дамытуда және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруда жетекші күшке айналып отыр. Басты мақсат — аграрлық секторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыру. Мәселен, жыл басынан бері салада 498,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, оның ішінде егін шаруашылығында — 317,9 млрд. теңгенің, мал шаруашылығында — 180,3 млрд. теңгенің өнімі есепті еселеді. Бұл жөнінде дала еңбеккерлерінің еңбегі орасан. Осыған орай облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай сала майталмандарын марапаттады.