ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНДАРЫ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Халық қаһармандарының Әулиеата өңіріне жұмыс сапары Қ.Сарымолдаев атындағы балаларды қолдау орталығында жалғасты. 2018 жылға дейін мекеме балалар үйі болып аталған. Ал 2018 ж бастап қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы болды. Бүгінгі таңда орталықта 93 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 66-сы нақты мәртебесі бар балалар. Өйткені уақытша түсетін балалар саны аз екен. Орталық басшылығының айтуынша олар тәрбиеленушілердің ата-аналарымен жұмыс жасайды екен. Бақытжан Ертаев бастаған көш орталықпен танысып, зер салып тәрбиеленушілермен танысты. Талантты жастар өз кезегінде өнерлерін паш етті. Бірі ән шырқаса, бірі аспапта ойнады. Концерттік бағдарламаны тамашалаған Бақытжан Ертаев тәрбиеленушілерге ақ батасын берді.