ЖАСТАР ҒЫЛЫМДЫ АЛҒА ОЗДЫРМАҚ
Қазақстанда ғалымдардың орташа жалақысы өсті. Білім және ғылым минстрлігінің мәлімдеуінше, бұған дейін ғалымдардың жалақысы 152 мың теңге болса, енді ол 257 мың теңгеге өсіп, 1,5 миллион теңгеге дейін өзгеріп отырады. Қабылданған заңнамалық түзетулердің арқасында жетекші ғалымдардың еңбекақысы базалық қаржыландыруға қосылды. Бұл ретте ғалымдарға төленетін қосымша авторлық сыйақының жалпы сомасы 338 млн теңге болды. Бұл оң өзгерістер ғылым саласына қызығатын жастардың санын арттыру мақсатында қолға алынуда.