СУИЦИД ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
1 min read
Әр адамның өзіне тән мұңы бары, жалпы ер мен әйел, үлкен-кіші, кез келген әлеуметтік топтағы азаматтарға ортақ осы бір «құбылыс» негізінен өмірде одан сайын қажырлы болуға итермелесе, кейде құрдымға да жіберетіні белгілі. Яғни, ауыртпалықтарға, соның салдарынан туындаған жан күйзелісіне шыдамағандар ақырғы амалға барып, өз-өзіне қол жұмсап жатады. Бірақ психолог мамандар суицидке негізінен рухани жағынан әлжуаз, жүйке жүйесі сыр бергендер баратынын алға тартады. Бұл кеселдің оқушылар арасында да белең алғаны белгілі. Сондай-ақ, қазіргі уақытта осы бір дерттің алдын алу шаралары да жергілікті атқарушы орган тарапынан жүргізілуде.