СУИЦИД- ҚОҒАМ ДЕРТІ
Суицид дерті қоғам ішінде дендеп бара жатқаны әмбеге аян. Әйтсе де, құрдымға кетіп бара жатқан адамды райынан қайтаратын , салауатты өмірге бірден бейімдей қоятын ғылыми тәжірибе жоқ әлі. Өйткені, бұл кеселге душар ететін бүгінгі күні мәселе көп. Оның бірі құмар ойын болса, екіншісі психологиялық әлсіздік, тағдыр тәлкегі. Ал, жасөспірімдер үшін ата-ананың бала мәселесіне келгенде құлықсыз болып, көңіл бөлмеуінен болып отыр. Әйтпегенде, қолында қалтафоны бар баланы әлеу желі түрлі іс әрекетке итермелейтіні көпке мәлім. Сол үшін де өз өзіне қол жұмсау мәселесі қазір билік үшін күн тәртібінен түскен емес. Алдын алу жұмыстарына қаржы бөлініп, көптеген жобалар жүзеге асуда.