СУИЦИДТІҢ ӨРШУІ – ҚОҒАМҒА КЕЛГЕН ҚАТЕР
1 min read
Қазіргі қоғамда орын алып тұрған келеңсіз қылықтың бірі — адамның өз жанына қиянат жасап, өз-өзіне қол салуы оқиғасы жиілеп тұр. Мұның себебі – жасөспірімдердің психологиялық жағдайына байланысты,- дейді психолог мамандар. Айтуларынша, жылдам жетілу, гормоналды тұрақсыздық, мүмкін болатын алғашқы махаббаттар, сыртқы түрдегі өзгерістер — мұның бәрі өсіп келе жатқан адамның шешуі қиын мәселелермен байланысты болуы мүмкін. Көбінесе жасөспірім жағдайдан шығудың жолын көрмейді. Қазіргі уақытта осындай дерт қоғамда дендеп барады. Бұл бойынша алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.