АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА БОЙ АЛДЫРМАУДЫҢ ШАРАЛАРЫ
1 min read
Қазіргі уақытта аутодеструктивтік мінез-құлық, соның ішінде жасөспірімдер арасында, өзекті тақырып болып отыр. Мұның кәнігі анықтамасы девиантты, яғни ауытқуы бар мінез-құлық түрі,-дейді мамандар. Айтуларынша, психологиялық мінез-құлықтың негізі — өзін-өзі төмен бағалау, маңызды қарым-қатынас үзілісінен қорқу, өзінің жетілмегендігі үшін кінә сезімі екен. Бүгінде мұндай кесел жасөспірімдер арасында белең алуда. Оған себеп те аз емес. Салдарынан суицидтік іс-әрекеттер және қайғылы жағдайлардың көбеюі орын алып отыр.