"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕГІЗІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

1 min read

Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, сегізінші сессиясы өтті. Жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев төрағалық етті. Бұл жолы жиында  депутаттық сұрақ-сауалдар жолданған жоқ. Бар-жоғы 10 минутта аяқталған халық қалаулыларының басқосуында мандаттылар мәселені мақұлдап, қарсылық та білдірмеді. Басқарма басшылары да баяндама жасамады.  Күн тәртібінде негізгі 3 мәселе қаралды. Жиында «Тараз қаласындағы қауіпсіздікті және жол қозғалысы трафигін талдаудың зияткерлік жүйесін енгізу» жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы, «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімдерге өзгеріс енгізу мәселелері қаралды. Сондай-ақ,  «Жамбыл облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімді депутаттар мандатын көтеріп мақұлдады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *