«ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК — ЖЕРДІҢ КӨРКІ» АТТЫ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
«Ұлы дала» шағын ауданында салынып жатқан саябақта «Жасыл желек — жердің көркі» атты ағаш отырғызу акциясы өтті. Шара барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков, зиялы қауым өкілдері, жастар және өзге де қала тұрғындары саябаққа алғашқы тал көшеттерін отырғызды. Тағы бір ерекше атап өтерлігі, мұнда Қырғыз Республикасының Талас облысынан келген қонақтар да тал егіп, акцияға үлестерін қосты.