СУИЦИД ДЕРЕГІ АЗАЙМАЙ ТҰР
Қазақстанда суицид жасау көрсеткіші биыл тағы да өсті. Яғни суицид жасау көрсеткіші жөнінен дүниежүзі бойынша жиырмалыққа енген. Мұның себебін сарапшылар балалардың құқығының дұрыс сақталмауымен байланыстырады. Балаларға жасалынатын зорлық-зомбылық, сексуалды қылмыстардың көбеюіне қатысты балалар арасындағы суицид саны едәуір көбейген. Соның ішінде Қызылорда облысында 2023 жылдың соңғы жартыжылдығына сәйкес балаларға жасалынған қылмыстың саны 11-ден 22-ге дейін өскен. Одан кейінгі орында Түркістан облысы 26,5 пайызбен, яғни ондағы қылмыс саны 34-тен 43-ке дейін артқан. Ал Атырау облысы 26,3 пайыз, Жамбыл облысы 15,8 пайызбен 19-дан 22-ге дейін көбейген.