ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ САЛҒЫРТТЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ
Жамбыл облысы мал саны бойынша республикада 2 орында тұр. Бірақ, бұл аса мақтанатын көрсеткіш емес. Малдың көптігінен бе, әлде жауапты сала қызметкерлерінің жауапсыздығынан ба? Қыруар қаржыға алынған сапалы вакцинаны салғанымен, иммунитеті қалыптаспаған төрт аяқтылардан ауру анықталып, өңірдің 3 ауданында 17 адам сібір жарасын жұқтырды. Сұрақ , кінә кімнен? Бүгін аймақ басшысының төрағалығымен өткен аппарат жиынында осы сұраққа жауап берілді. Сөйтсек, бұл салада көп сауалдың жауабы әзірге көп нүктемен тұр екен. Бұдан бөлек, жиында Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары мен орындалмау қаупі бар индикаторлар тақырыбы да қозғалды. Толығырақ тілші материалы.