ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім қала тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту бойынша қызметтерді алуға, ал қажет болғанда жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ортақ келісімнің нәтижесінде өңірдің медициналық мекеме қызметкерлеріне инновациялық технологияларды оқыту, ауруларды алдын алу, диагностикалау, жаңа медициналық технологиялар мен инновациялық әдістемелерін дамыту саласында тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.