ОБЛЫС ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
«Мен сыни материалдарға оң көзқараспен қараймын» Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуінде осылай деді. Министр кезінде де міні көбейіп, журналистердің сынына көп ілігетін қазіргі Жамбыл облысының әкімі енді өңірдегі мәселелерді шешуде осы әдісті қолданбақ екен. Сондай-ақ жергілікті биліктің назарына қоғамдағы мәселелерді жеткізу маңызды жұмыс екендігін атап өтті. Алдағы уақытта жергілікті телеарналарда арагідік сұқбат беріп, барынша ашықтық танытамын деді. Сонымен қатар алға қойған жоспарларын айтып ағынан жарылған аймақ басшысына қалам ұстаған қауым өкілдері көкейдегі сұрақ-сауалдары мен ұсыныстарын жолдады. Әрі қарай жиынға қатысып қайтқан әріптесім жалғайды.