170 ТОННАДАН АСТАМ ЖАБАЙЫ ҚАРАСОРА ЖОЙЫЛДЫ
Жамбыл облысында 2023 жылғы 1 маусымнан бастап «Қарасора-2023» кең ауқымды республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде есірткі құралдарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрамында жабайы өсетін каннабисті жою жөнінде іс-шаралар өткізді.Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалана отырып, 188 гектар құм алдындағы аумақта жабайы қарасораны шабу арқылы кейіннен өртеу арқылы 170 тонна 628 кг қарасора тұқымдас өсімдіктері жойылды.