"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН

1 min read

https://www.youtube.com/watch?v=ukjfagnxNHw

Биыл Жамбылдағы өнеркәсіп саласында 574,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, оң динамика жалғасуда. Бірақ бірқатар сала кенжелеп қалды. Мәселен, өнеркәсіп құрылымында 71,8% өңдеу өнеркәсібіне тиесілі болса, құрылыс индустриясы , тамақ өнімдері, металлургия  өндірісінің көлемі төмендеген. Бұған қоса Жуалы ауданында аталған салаға бір тиын да инвестиция тартылмаған. Сондықтан аталған ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде де жұмыстың кежегесі кейін тартып тұр. Ал, өңірдегі ауыл шаруашылығы саласындағы егін көлемі өңірдегі қуаңшылық салдарынан тұралады. Жалпы егін болмағасын қанаттылардың құлқы болмай, жұмыртқа өнімі де көлемін азайтқан. Аталған мәселелер облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат жиынында айтылды. Толығырақ тілші тарқатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *