ТАРАЗДА ҚОҚЫС АРАСЫНАН ҚАРУ-ЖАРАҚ ТАБЫЛДЫ
Тараз қаласы аумағындағы ашық учаскедегі тұрмыстық қоқыстардың арасынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған пакет табылды. Аталған заттар Жамбыл облысының Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатындағы «Қарасора-2023″жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында табылған. Іздестіру жұмыстарына Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды. Табылған қарудың ішінде 16 мм калибрлі «Иж-17» маркалы қосауыз тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, «ТОЗ-Б» маркалы тегіс ұзын ұңғылы аңшы мылтығы, газды револьвер, 5,45 мм калибрлі 30 патрон, 16 мм калибрлі 4 патрон, 9 мм калибрлі 12 травматикалық патрон және оқ өтпейтін жилет болды.Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды,-дейді тәртіп сақшылары.