ОБЛЫСТА ЖЕР АЛУ ҮШІН 202 304 АДАМ КЕЗЕКТЕ ТҰР
Бүгін облыстық аппарат отырысы өтті. Жиында жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер телімдерінің мәселесі қаралды. Мамандар мәліметіне сүйенсек, кезегі келгенше өмірден өтіп кеткен 293 адам әлі күнге дейін жер алу тізімінде тұр. Бұдан өзге шешілмеген мәселелер жайын тілші тарқатады.