ТАРАЗДА 342 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
«Бақытты Отбасы» бағдарламасы жанұяларды бақытқа кенелтуде. Дәлірек айтқанда, бүгін «Ұлы дала» шағын ауданында атаулы бағдарлама аясында 342 отбасы үйлі болды. Салтанатты шараға қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, шаңырағына шаттық кірген отбасыларды мерейлі күнмен құттықтады.