66597 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 10 ЖЫЛ

Қызылорда қаласындағы 66597 әскери бөлімінің құрылғанына 10 жыл толды. Атаулы күнге және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті. Шараға әскери бөлімнің офицерлері мен сержанттары және қатардағы жауынгерлер отбасыларымен бірге қатысты.