600-ДЕН АСТАМ СЕРТИФИКАТТАЛМАҒАН ПИРОТЕХНИКА ТӘРКІЛЕНГЕН
1 min read
Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан 2024 жылдың 3 қаңтарына дейін полиция қызметкерлері Жаңа жылдық мерекелер кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтық пиротехникалық заттар айналымы қағидаларының сақталуын бақылау бойынша дәстүрлі «Пиротехника» жедел- профилактикалық іс-шарасын өткізді. Рейдтердің негізгі мақсаты сертификатталмаған пиротехникалықбұйымдардың заңсыз сауда деректерiн анықтауға және жолын кесуге бағытталған.