"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

3 ТЕКШЕ МЕТР СЕКСЕУІЛ ТӘРКІЛЕНДІ

1 min read

Оңтүстік өңір үшін сексеуілдің маңызды қасиеті — жердің шөлейттенуіне жол бермеу. Жамбыл облысында шөлейттену әсіресе Мойынқұм және Шу аудандарында белең алып келеді. Үйлерін жылыту үшін осы өсімдікті кесіп тастағанда, адамдар шөлді мекендеушілерге орны толмас зиян келтіріп қана қоймайды, жануарларды бір уақытта сусыз және тамақсыз қалдырып, олардың жойылып кетуіне  апаратын нағыз экологиялық қылмыс жасайды. Күні кеше тәртіп сақшыларымен заңсыз 3 текше метр сексеуіл тәркіленді. «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Сарысу ауданының шаруа қожалықтарының бірінде «Сапсан» жедел тобының инспекторларымен бірлесіп сексеуілді заңсыз пайдалану және тасымалдау дерегін анықтады. Автокөлік шанағын және шаруашылықтың ауласын тексеру кезінде 3 текше метрден астам сексеуіл табылып тәркіленді.  Жол талғамайтын көлік иесі ағашты отын ретінде қолданғанын айтты. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-биологиялық сараптамасы тағайындалды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *