2,5 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?
1 min read
Өңірде 2019 жылы пилоттық жоба негізінде басталған «Ауыл аманаты» жобасы бүгінде өз тиімділігін көрсетіп отыр. Нәтижесінде аталған жоба аясында былтыр облыста 24 млрд. теңгеге 10 аудандағы 38 округті қаржыландыру басталды. Алдын ала жасалған скрининг бойынша 4,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылады. Ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаның артықшылығы мен ерекшелігі түрлі салаларға несиенің өте төмен пайызбен, яғни 2,5 пайызбен берілуінде болып отыр.