2 ҚОРАП «МАНДАРИН» ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қала тұрғыны қоңырау шалып, мөлтек аудандардың бірінде орналасқан азық-түлік сататын дүңгіршегінен белгісіз адамның 2 қорап «мандарин» жемісін және кассасынан 20 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған. Полиция қызметкерлерімен іздеу-іздестіру шаралары барысында 33 жастағы Көлтоған ауылының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктінің айтуынша ол жеміс-жидекті тұтыну үшін ұрлаған және бет-бейнесін тұмшалап алғандықтан, полицияға ұсталамын деп ойламаған. Ол өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР-ы ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде.