«ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ» АТТЫ БАСҚОСУ ӨТТІ
1 min read

Бүгін Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту және жас ұрпаққа тәжірибе мен білім беру болды. Мерекелік кездесуге қаладағы үлгілі отбасылар арнайы қонақ ретінде қатысып, өздерінің жетістік тарихымен, мықты отбасылық байланыстардың құпияларымен және ұрпақтан ұрпаққа берілетін дәстүрлерімен бөлісті.