ӨҢІРДЕГІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ ДЕҢГЕЙІ ҚАНДАЙ?
Бүгін облыстың бас ғимаратында өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңестің отырысы болып өтті. Ақ жағалылармен өткен басқосуда екі мәселе қаралды. Бірі облыстағы елді мекендерінің мобильді байланыс және интернет желісімен қамтамасыз етілуі жайлы болса, күн тәртібіндегі екінші мәселе бұқаралық спорттың дамуы жайлы болды.