ӨҢІРДЕ АЛАЯҚТЫҚ ЖОЛМЕН 2 700 000 ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТТЫ ИЕМДЕНГЕН КҮДІКТІ АНЫҚТАЛДЫ

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп 2 700 000 теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен иемденген күдіктіні анықтады. Белгісіз тұлға өзін техникалық жабдықтау компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге бөліп төлеу арқылы тауар рәсімдеп беруді сылтауратып, екінші деңгейлі екі банктен 1 200 000 және 1 559 000 теңге көлемінде несие рәсімдеген.