ӨҢІР БАСШЫСЫ БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бейбіт күннің батыры атанған Мәди Әлиевпен кездесті. Естерінізге сала кетсек, Шу ауданында орын алған жол көлік оқиғасында Мәди Әлиев ерлік танытып, жалындап жанып жатқан көлік ішіне қорықпай кіріп 5 адамды алып шыққан.