"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ӘСКЕРИ ЛОГИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

1 min read

Тараз қаласында қалпына келтіру пойызы платформасының баспалдақ көтеру-түсіргіш механизмі сынақтан өткізілді. Бұл шара Қазақстан Қарулы Күштері Тыл бастығы басқармасының Әскери байланыс бас басқармасы өкілдері мен «Қазақстан темір жолы» АҚ мамандарының бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылды. Сынақтың негізгі мақсаты – арнайы жабдықталмаған теміржол учаскелерінде әскери техниканы тиеу және түсіру механизмдерінің тиімділігін бағалау болып табылады.. Бұл жұмыстар әскери логистика жүйесін жетілдіруге және төтенше жағдайларда техниканы жедел тасымалдау мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *