ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУҒА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Палата жанынан Іскер әйелдер кеңесі жұмыс істейді, оның негізгі міндеті әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Өңірде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баспасөз брифингінде баяндалды.