ҰРЛАНҒАН ҚОЙ ӨЗ ИЕСІМЕН ҚАУЫШТЫ
1 min read

Ауылдасым ауламда тұрған қойымды ұрлап әкетті! Әуілінде жүрген қойының қолды болғанын білген адам, бірден полицияға арызданған. Оқиға Арал ауданында болып отыр. Ал Қызылордалық полицейлер қой ұрлаған қарақшының қолына кісен салды! Күдіктіні анықтау бағытында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде сол ауданның 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Автокөлігі айғақ ретінде алынды. Бүгінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған қой өз иесімен қайта қауышты. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сол себепті малды бақташымен пада арқылы белгіленген орындарда жайған дұрыс дейді жершілікті Полиция Департаменті.