ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ МАРАТ ҚАРАБАЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІЪ
Бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев келді. Сапар барысында ол көлік инфрақұрылымын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін өңір тұрғындарымен кездесті. Кездесуде Марат Қарабаев қала тұрғындарының жол сапасына, қоғамдық көлікке және теміржол қатынасын дамыту перспективаларына қатысты көптеген сұрақтарына жауап берді.