ҚХА 30 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ЖӘНЕ АЛҒЫС КҮНІНЕ ОРАЙ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ
1 min read

Таразда Алғыс айту күні мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Ел бірлігі» атты этнос өкілдерінің спартакиадасы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстанның көпұлтты қоғамында ұлтаралық келісімді, достықты және бірлікті нығайту болды. Бұл іс-шара халықтар арасындағы бауырмалдық пен ынтымақтастықты арттырып, еліміздің бірлігін көрсетудің ерекше үлгісі деп танылды.