«ҚАЗАВТОЖОЛ» ЕЛІМІЗДІҢ БАТЫС ОБЛЫСТАРЫНА ЖҮЗДЕГЕН АРНАЙЫ ТЕХНИКАНЫ ЖҰМЫЛДЫРДЫ
1 min read«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысып, аймақтарға табиғи апаттармен күресуге көмек көрсетіп жатыр. Компания жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері бойынша Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына қосымша арнайы техникаларды жұмылдырды.
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының Бөрлі және Теректі аудандарына 33 бірлік техника жіберілді. Сонымен қатар, резервте кез келген уақытта қолдау көрсетуге қосымша 74 бірлік техника дайын тұр. Атырау облысының Атырау, Құлсары қалаларында және Махамбет, Хамит Ерғалиев пен Дамбы елді мекендерінде 138 бірлік техника су тасқынына қарсы шараларда жұмыс істеуде. Сондай-ақ, табиғи апатты алдын алуға басқа облыстардан қосымша 64 бірлік техника мобилизацияланды.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде Қазақстанның басқа өңірлеріне, соның ішінде Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына қосымша көмек жіберілді. Жалпы 2106 бірлік жол-құрылыс техникасы, 24 мотопомпа мен 2826 жұмысшы жұмылдырылды.
Осылайша, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының су тасқынына қарсы атқарып жатқан шаралары зардап шеккен облыстарда залалды барынша азайтуға және оны алдын алуға, еліміздің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз септігін тигізбек.